Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Палестинаның Сыртқы істер және экспатрианттар министрі Риад Малкимен кездесу өткізді.
ӨР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша 2023 жылғы 21 тамыз күні өткен кездесу барысында екі халық арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан берік тарихи байланыстар көптеген салалардағы қарым-қатынастарды кеңейтуге берік негіз болғаны айтылды.
Тараптар Өзбекстан мен Палестина нарығын дамытуда екі елдің іскер топтары өкілдеріне қолдау көрсетуге дайын екендіктерін растады.
Кешенді жиынның нәтижесінде екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялар туралы хаттамаға қол қойылды. Құжат екіжақты қарым-қатынастың басым бағыттарын, қол жеткізуге тиіс нақты мақсаттар мен атқарылатын негізгі қадамдарды айқындайды.
Тараптар бұл құжаттың өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту жолында маңызды рөл атқаратынына сенім білдірді.
















