Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жыл сайынғы парламенттегі жолдауында электр энергиясының құны елде бәрібір өсетінін мәлімдеді.
Кhovar.tj сайтының мәліметі бойынша Эмомали Рахмон 28 желтоқсан күні Жаңа жыл қарсаңында жасаған жолдауында елде электр энергиясының бағасы бәрібір өсе беретінін мәлімдеді.
Тәжікстан президентінің айтуы бойынша, қазіргі таңда Тәжікстанда электр энергиясының құны осы салада жұмыс істейтіндердің жалақысына жетпеу себебіне байланысты көтеріледі.
Эмомали Рахмон парламенттегі жолдауында елдегі электр қуатының арзан болуына байланысты «Барқи точик» холдингі тақырға отырудың аз алдында тұрғанын айтты.
Қазір ел тұрғындары әрбір киловатт-сағат үшін 26, 51 дирам төлейді. Енді Үкіметтің 29 қарашадағы шешімімен, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір киловатт-сағат 30,75 дирам болады.
Эмомали Рахмонның айтуынша, Тәжікстанда жарық бағасы әлемдегі ең арзан көрсеткіштердің бірі.
Тәжікстан президенті сөзінде Рогун ГЭС-і 2025 жылы іске қосылатынын және қазір су электр станциясының екі агрегаты жұмыс істеп тұрғанын айтты.
Тәжікстан президентінің кешегі жолдауында көптеген маңызды мәселелер қозғалды. Эмомали Рахмон ел үшін қабылданып жатқан шараларды егжей-тегжейлі баяндады. Тәжікстан басшысы әсіресе әлеуметтік сала мәселелеріне көп көңіл бөлді.


















