Таеквондодан (WT) Әлем чемпионаты тұңғыш рет Қазақстанда өтеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Қазақстан 2027 жылы таеквондодан (WT) Әлем чемпионатын өткізеді.
Бұл туралы шешім бүгін Қытайдың Уси қаласында Дүниежүзілік таеквондо (WT) федерациясының Әлем чемпионаты аясындағы жиынында ресми хабарланды.
Дүниежүзілік федерацияға мүше елдердің өкілдері Қазақстанның кандидатурасын бірауыздан қолдады. Федерация турнирді Астанада ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Еске салайық, Қытайдың Уси қаласында қазанның 24-30 күндері таеквондодан Әлем чемпионаты өтеді.
Соған байланысты Уси қаласына 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысуға әлемнің 179 елінен 991 таеквондошы келді. Аталмыш әлем біріншілігінде Қазақстанның намысы үшін 16 таеквондошы жарысады.












