Тәжікстан шетелдердегі 4 мыңнан астам студентін еліне қайтарды.
Еуразия Тудейдің ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша бұл мәліметті Душанбеде ТМД елдерінің терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі үшінші конференциясында сөз сөйлеген Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Саймумин Ятимов айтты.
Ятимов: «Лаңкестік ұйымдар мен шетелдік діни оқу орындарының нысанасына айналған 4 мыңнан астам тәжікстандық студенттің лаңкестік және экстремистік топтарға қосылуының алдын алу үшін елге қайтарылды», — деді ол.
Ятимов Сирияда ТМД елдеріне тағы бір қауіп қалыптасып жатқанын атап: «Біздің аймақтың тұрғындары (Сириядағы) халықаралық террористік ұйымдардың қатарында жүріп, жауынгерлік тәжірибе жинақтауда», — деді.
Комитет басшысы Тәжікстан үкіметі осы қауіп-қатерлердің маңыздылығын мойындай отырып, соларға қарсы тұруға бағытталған кесімді және жан-жақты шара қабылдайтынын айтты.












