Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон мен Иран Президенті Масуд Пезешкиан телефон арқылы сұхбатта екіжақты қарым қатынастың қазіргі жағдайы мен келешегі туралы сөйлесті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон мен Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкианмен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгіме басында Эмомали Рахмон мен Масуд Пезешкиан бір бірін ежелгі Наурыз мерекесімен және қасиетті Ораза айт мерекесінің басталуымен құттықтады.
Тәжікстан Президенті Рахмон Иран Ислам Республикасының Президенті Пезешкианға денсаулық пен табыс, ал дос және бауырлас Иран халқына бейбітшілік, тыныштық, одан әрі ілгерілеу мен өркендеу тіледі.
Әңгімелесу барысында тараптар тәжік-иран достық және көпқырлы ынтымақтастық қатынасының жағдайы мен келешегі тақырыбын талқылады.
Тәжікстан Президенті екі ел арасындағы қарым-қатынастың дамуы мен кеңеюінің қазіргі қарқынына қанағаттанушылық білдіріп, жоғары деңгейде жалғасып жатқан диалогтың маңыздылығын ерекше атады.
Осы тұрғыда Иран Ислам Республикасы президентінің Тәжікстанға жақында жасаған сапарының нәтижелері өте маңызды деп бағаланды.
















