Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон аймақ пен әлемнің күрделі әрі шиеленісті геосаяси жағдайында мұсылман үмбетінің бірлігін одан әрі нығайту қажеттігін қуаттады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы боййынша Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон бұл туралы бүгін 15 қыркүйекте Катар мемлекетінің астанасы Дохада өткен араб мемлекеттері мен Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер басшыларының кезектен тыс отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Рахмон сөзінің басында 9 қыркүйекте Катар мемлекетіне жасалған әскери соққыға өкініш білдіріп, бұл әрекетті бауырлас елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығына қарсы жасалған агрессия деп атады.
Президент Эмомали Рахмон: «Біз халықаралық құқық пен Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының негізгі қағидаттарын өрескел және айқын бұзу болып табылатын осы агрессиялық әрекетті тағы да қатаң айыптаймыз», — деп баса айтты.
Тәжікстанның Мемлекет басшысы халықаралық қауіпсіздікке елеулі қатер төндіретін Таяу Шығыстағы алаңдатарлық оқиғалар мен үрдістерге талдау жасап, мемлекет басшылары мен саммитке қатысушылардың назарын осы проблемаларды шешу жолдарын іздеуге аударды.
















