Тәжікстанның ІІМ Бас мүфти Саидмукаррам Абдулкодирзодаға жасалған шабуылды тергеп жатыр.
Еуразия Тудейдің Тәжікстан ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, 11 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша 15:20-да Душанбе қаласындағы орталық мешіттің жанында Тәжікстанның Бас мүфтиі Саидмукаррам Абдулкодирзодаға шабуыл жасалды. Министрліктің хабарлауынша, шабуылдаушы бұзақылық ниетпен муфтийді үшкір құралмен ұрған. Ішкі істер органдарының қызметкерлері шабуылдаушыны жедел ұстады. Министрліктің хабарламасында: «Душанбедегі орталық мешіттің жанында намаздан кейін белгісіз адам Саидмукаррам Абдулкодирзодаға үшкір құралмен шабуыл жасап, қоғамдық тәртіпті бұзды. Ішкі істер органдары жедел шара қабылдап, қылмыскерді дер кезінде ұстады», — деп жазылған.
Қылмыскердің шабуылы салдарынан Саидмукаррам Абдулкодирзода жеңіл жарақат алып, дәрігерлердің қарауынан кейін тұрғылықты мекенжайына жеткізілген. Қазіргі таңда бұл оқиға бойынша Тәжікстанның ішкі істер органдары қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.



















