Аустралия қыркүйек айында өтетін БҰҰ Бас ассамблеясы сессиясында Палестинаны ресми түрде мойындайтынын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің Анадолу агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бұл туралы Аустралия премьер-министрі Энтони Албанезе 11 тамызда өткен брифингте мәлімдеді.
Энтони Албанезенің айтуынша, шешім қазірдің өзінде қабылданған және БҰҰ Бас ассамблеясының қыркүйек айындағы сессиясында рәсімделеді.
Аустралия премьер-министрі: “Екі мемлекет құру туралы шешім — Таяу Шығыстағы зорлық-зомбылықтың тұйық шеңберін бұзу, Газа секторындағы қақтығысты, азап пен аштықты тоқтатудағы үміт”, — деді.
Премьер-министр сектордағы гуманитарлық апатқа тоқталып: “Газадағы жағдай әлемдік қауымдастық күткен қорқыныштан да асып түсті. Израиль үкіметі халықаралық құқыққа қарсы тұруды жалғастыруда. Олар палестиналықтарға, соның ішінде балаларға жеткілікті көмек, азық-түлік және сумен қамтамасыз етуден бас тартуда”, — деді.
Энтони Албанезенің айтуынша, бұл шешім Палестинаның сыртқы саясатын өзгертетін тарихи қадам болмақ.
Мұның алдында Франция президенті Эммануэль Макрон БҰҰ Бас ассамблеясының қыркүйек айында өтетін сессиясында елінің Палестинаны мойындайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар, Канада мен Ұлыбритания да Палестинаны мойындайтындарын айтты.



















