Ауғанстандағы билікті бақылайтын Талибан қозғалысы құрған Ішкі істер министрлігі арнайы рұқсатсыз қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтауға және алып жүруге тыйым салатын жарлық шығарды.
Еуразия Тудейдің ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бұл туралы X желісіндегі департаменттің парақшасында жарияланған хабарламада айтылған.
Мәтінге сәйкес, жарлық Ауғанстан Ислам Әмірлігінің барлық жоғары лауазымды тұлғаларына, моджахедтеріне, қызметкерлеріне және қарапайым азаматтарына қатысты.
Жаңа тәртіпке сәйкес Ішкі істер министрлігінен арнайы лицензия алған тұлғаларға ғана қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтауға және алып жүруге рұқсат беріледі.
АҚШ 2021 жылдың көктемінде Ауғанстаннан әскерін шығару туралы шешімін жариялағаннан кейін Талибан Ауғанстанға бақылау орнату үшін ауқымды операция бастады. Тәліптер сол жылдың 15 тамызында Кабулға соғыссыз кіріп, 7 қыркүйекте уақытша үкіметінің құрамын жариялады.



















