Иран сионистік режим мен Америка Құрама Штаттарына қарсы күресті табандылықпен жалғастырады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Жоғарғы көшбасшысының халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Велаяти еліндегі соңғы оқиғаларға қатысты пікір білдіріп, елінің сионистік режим мен Америка Құрама Штаттарына қарсы күресті бұдан да зор табандылықпен жалғастыратынын айтты. Бұл туралы Велаяти Ирактың көрнекті саясаткерлерінің бірі Нури әл-Мәликимен телефон арқылы сұхбатында мәлімдеді.
Әли Акбар Велаяти сұхбат барысында аймақтық және халықаралық деңгейдегі маңызды мәселелерді, соның ішінде Иран мен Ирак қарым-қатынасын талқылады.
Иран Жоғарғы көшбасшысының халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ирак халқын жуырда өткен парламенттік сайлаудағы жеңісімен және сайлаушылардың жоғары белсенділігімен құттықтап, бұл жеңістің Ирактың аймақтағы және әлемдегі позициясын нығайтқанын баса айтты.
Сондай-ақ, Әли Акбар Велаяти Ирандағы соңғы оқиғаларға тоқталып, қастандықтың жолы кесілгенін, бірақ сионистік режим мен Америка Құрама Штаттарына қарсы күрестің бұрынғыдан да қатал әрі батыл түрде жалғасатынын айтты.
















