Тегеран мен Мәскеу Батыстың біржақты саясаты жағдайында парламентаралық байланысын нығайтуда.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Моһсен Зангане бастаған Иран Ислам Республикасы Мәжілісінің делегациясы Мәскеуде Ресей Федерациясы Мемлекеттік Дума төрағасының орынбасары Борис Чернышовпен екіжақты қарым-қатынастың дамуын талқылау мақсатында кездесіп, келіссөз жүргізді.
Тараптар екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап, Батыс елдерінің біржақты саясатына қарсы тұрудағы ортақ ұстанымдарын қуаттады.
Ирандық делегацияны жылы қарсы алған Борис Чернышов: “Біздің Иранмен қарым-қатынасымыз өзара сенім мен құрметке негізделген. Әрі түрлі деңгейде сындарлы диалогтар жалғасуда. Екі елдің халықаралық аренадағы, әсіресе Америка Құрама Штаттары мен Батыстың саясаттарына қарсы ұстанымдары жақын.
Екі елдің Парламенттері арасындағы қарым-қатынас біз үшін үлкен маңызға ие. Өйткені Иран Ислам Республикасындағы саясат қалыптастыру және оны жүзеге асыруда Мәжілістің рөлі айрықша”,- деді.
Моһсен Зангане Тегеран мен Мәскеудің Батыстың біржақты саясатына қарсы тұрудағы табандылығын баса айтып, мұның екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін маңызды негіз болып табылатынын қуаттады.
















