Ресей, Қытай, Иран және Оңтүстік Африка Республикасының әскери-теңіз күштері оқу-жаттығу өткізеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Ресей, Қытай, Иран және Оңтүстік Африка Республикасының әскери-теңіз күштерінің қатысуымен Mosi-3 бірлескен әскери-теңіз оқу-жаттығуы 2026 жылдың қаңтар айының басында Оңтүстік Атлантика акваториясында өтеді.
Оңтүстік Африка Республикасының жағалауына жақын маңда өтетін Mosi-3 әскери-теңіз оқу-жаттығуларына Ресей, Қытай, Иран және Оңтүстік Африка Республикасының әскери-теңіз күштері қатысады.
Әскери кемелердің іс-қимылдарын пысықтау шаралары Жақсы үміт мүйісі ауданында өтеді.
Иран әскери-теңіз күштері бұл оқу-жаттығуларға алғаш рет қатысады. Оқу-жаттығуларды Қытайдың әскери-теңіз күштері басқарады.
Mosi-3 әскери-теңіз оқу-жаттығуларының кейінгі кезеңдерінде Индонезия мен Эфиопия әскери-теңіз күштерінің қатысуы жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Mosi әскери-теңіз оқу-жаттығулары алғаш рет 2019 жылы өтті.
Кейптаун маңында өткен сол кездегі әскери-теңіз оқу-жаттығуларына Ресей, Қытай және Оңтүстік Африка Республикасының әскери-теңіз күштері қатысты.



















