Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салу туралы референдумның дауыс беру нәтижелеріне қарамастан, оның маңызды оқиға болатынын айтты.
Еуразия Тудейдің Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 2024 жылғы 6 қазанда өтетін референдумның ауқымдылығын бағалады.
Президент 3 қазанда елордада өтіп жатқан барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумында сөйлеген сөзінде бұл оқиғаның маңыздылығын атап өтті.
«Дауыс беру нәтижелеріне қарамастан, бұл оқиға маңызды болады. Алдағы референдумның өзі — Қазақстанда соңғы бес жылда болған орасан зор өзгерістердің тағы бір дәлелі, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының тағы бір жарқын көрінісі», – деді Мемлекет басшысы.
Референдум 6 қазанlf өтті. Онда: «Сіз Қазақстанда атом электр станциясының құрылысымен келісесіз бе?» — деген сұрақ қарастырылды.



















