Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты күштік құрылымдардың жетекшілеріне негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шара қабылдауды тапсырды
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазба жариялады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрге, Президент Әкімшілігінің Басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шара қабылдауды тапсырды.
Парламент палаталарының төрағалары қабылданып жатқан іс-қимыл туралы хабардар етілді.
Осы мәліметке сәйкес, Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр.
Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат – тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау.
Қазақстан славян екі халық арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын.













