Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан Мажарстан мен Германия құрамалары арасындағы футбол матчын тамашалады.
Еуразия Тудейдің Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Будапешт қаласына мемлекеттік сапармен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен бірге Puskas Arena Park стадионына барды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан УЕФА Ұлттар лигасы аясында өтіп жатқан Мажарстан мен Германия құрамалары арасындағы футбол матчын тамашалады.
Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше, қарашаның 19 күні Мажарстан астанасы Будапештке мемлекеттік сапармен барды.



















