Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ-тың сайланған Президенті Дональд Трамп екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтау мақсатында ұдайы байланыста болуға уағдаласты.
Еуразия Тудейдің Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша уағдаластыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ-тың сайланған Президенті Дональд Трамп телефон арқылы сұхбатта қол жеткізілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев кеше, желтоқсанның алтысы күні Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының Президенті болып сайлануымен құттықтады.
Саясаткерлер сауда, инвестиция салаларында және ядролық қаруды таратпау бағытында стратегиялық серіктестікті дамытуға бейіл екендерін растады.
Мемлекет басшысы халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын мәлімдеді.












