Қасым-Жомарт Тоқаев Анталияда өткен дипломатиялық форумның панелдік сессиясында жасаған мәлімдемесінде Таяу Шығыстағы қақтығыста елінің Шығанақтағы елдерге тілектестігін білдіргенін айтты.
Еуразия Тудейдің Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыс пен өзге де аймақтардағы қақтығыстарды шешу үшін көшбасшыларды сабырлық пен қақтығыстың алдын алуға шақырды.
Тоқаев: «Әлемде орын алған жағдайларға байыппен қарауға кеңес берер едім. Мәселен, бәрі Иранды талқылап жатыр. Әрине, бұл елдегі ахуал өте күрделі. Оған қатысты қандай да бір пікір айту қиын. Қазақстан Шығанақтағы елдерге тілектестігін білдірді. Біз тараптарды стратегиялық ұстамдылыққа және әскери іс-қимылды тоқтатуға шақырдық. Бұл қақтығыстың ауыр салдарын бәрі сезінді. Ең әуелі экономика құлдырады»,-деді.
Президент Анталияда өткен дипломатиялық форумның панелдік сессиясында сөйлеген сөзінде әлемдік саясатта әділдік пен көпжақты дипломатия қағидаттарын сақтау арқылы ғана жаһандық дағдарыстан шығуға болатынын баса айтты.



















