Хабардар дереккөзі Америка Президенті Дональд Трамптың Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядқа сапармен баратынын хабарлады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша АҚШ Президенті Дональд Трамп президенттігінің алдыңғы кезеңінде өзінің алғашқы шетелдік сапарында Сауд Арабиясына барып, құны ондаған миллиард долларды құрайтын көп табыс әкелетін сауда келісімшарттарына қол қойған болатын.
Ол енді президенттігінің екінші кезеңінде де аталған елге тағы да сапармен бармақ.
Ақпарат көздері Axios-қа Дональд Трамптың осы жылдың мамыр айының ортасында Сауд Арабиясына баруды жоспарлап отырғанын хабарлады. Бұл оның Америка Құрама Штаттарының президенті ретіндегі екінші мерзімі басталғаннан кейінгі бірінші сапары.
Қазір осы мәселе бойынша АҚШ пен Сауд Арабиясы өкілдері арасында келіссөз жүріп жатыр. Бұл келіссөздерде әртүрлі мәселе, соның ішінде Украинадағы соғыс та көтерілді.
Трамптың Эр-Риядтағы келіссөздерінде екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту, шетелдік инвестиция, Парсы шығанағы елдерімен қарым-қатынасты нығайту және Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтату мәселелері талқыланады.
Axios мәліметі бойынша мұның алдында Ресей тарапымен келіссөз жүргізу үшін Сауд Арабиясына барған америкалық делегация Трамптың сапары туралы бұрын Эр-Риядтың ресми тұлғаларымен кеңескен болатын.












