Иран Израильдің Ливанға қарсы жаңа әскери басқыншылығын қатаң айыптады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бақайи Израиль күштерінің Бейруттағы тұрғын аудандарға жасаған жаңа шабуылын қатаң айыптады.
28 наурыз, жұма күні кешке Бақайи Ливанның аумақтық тұтастығы мен егемендігін өрескел бұзу болып табылатын сионистік режимнің осы қылмыстық әрекетін қатаң айыптап, БҰҰ мен кепілгер мемлекеттердің тікелей жауапкершілігін баса айтты.
Иран СІМ ресми өкілі халықаралық қауымдастықты режимнің қылмыстарына байланысты шұғыл әрі тиімді әрекет етуге және атысты тоқтату туралы келісімнің қайта бұзылуын тоқтатуға шақырды.
Бақайи: “Cионистік режимнің Ливанға қарсы жасаған басқыншылық әрекеттерін ақтау үшін ұсынған сылтаулары мүлдем негізсіз әрі қисынсыз. Халықаралық қауымдастық Газа секторынан бастап Ливан мен Сирияға дейінгі аймақтарда басқыншы режимнің заңды үнемі бұзуы және осы режимнің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төндіріп тұрған қауіп-қатерлерінің артуына қарсы тұру үшін шешуші шара қабылдауы керек”,- деп баса айтты.


















