Американың қайтадан сайланған Президенті Дональд Трамп Газада атысты тоқтату туралы келісімнің жасалу мерзімі жақын екенін айтты.
Еуразия Тудейдің Al Arabiya арнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша Дональд Трамп кеше, сейсенбі күнгі сұхбатында ХАМАС ұстап отырған сионист тұтқындарды босату туралы келісім мен Газада атысты тоқтату бітімді орнату осы аптаның соңына дейін жүзеге асуы мүмкін екенін айтты.
АҚШ-тың жуырда сайланған президенті Трамп Newsmax веб-сайтына берген сұхбатында: «Мен тараптар келісімді жасау ісін аяқтап жатқанын түсінемін. Бұл іс жүзеге асырылуы керек.
Біз атысты тоқтату келісіміне жақын қалдық. Егер бұл жасалмаса, үлкен мәселе туындайды. Тұтқындармен алмасу келісіміне жетсек, келіссөздер аяқталады. Бұл осы аптаның соңына дейін жариялануы ықтимал”, — деді.
Меһр агенттігінің мәліметіне сәйкес, Трамптың Батыс Азиядағы болашақ елшісі Стивен Уиткофф аймаққа сапарында сионист режим мен Қатар басшыларымен кездесті.
















