АҚШ Президенті Дональд Трамп Масқатта Иранмен өткен келіссөзді жақсы деп бағалады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша АҚШ Президенті Дональд Трамп кеше, жұма күні Оман сұлтандығының делдалдығымен Масқатта өткен Иран мен АҚШ арасындағы ядролық келіссөздердің жаңа кезеңін жақсы деп бағалады.
Төменде Трамптың кеше кешке Иран туралы айтқан сөздерінің қысқаша мазмұны берілді:
“Иранмен жақсы келіссөз өтті. Иран келісімге келуге қатты ынтызар. Ол келісімнің қандай болатынын көре жатармыз, бірақ меніңше, Иран келісім жасауды қатты қалайды. Солай болуы да тиіс.
Келесі аптада біз қайтадан кездесеміз. Олар келісімге келгісі келеді. Негізінен олар соны қалауы керек. Егер келісімге келмесе, оның салдары өте ауыр болады.
Біз Иранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермейміз. Иранмен келісім жасауға біздің уақытымыз жеткілікті. Егер ирандықтар қазір ұсынып отырғандарын ең басында ұсынғанда, біз оған келісер едік.
Бұл жолы бұрынғыдан өзгеше болады. Біздің орасан зор әскери-теңіз күшіміз, үлкен флотымыз сол бағытқа қарай бет алып барады. Жақын арада сонда боламыз».












