АҚШ Президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясына сапары кезінде Сирия басшысы Ахмед аш-Шараамен кездеседі.
Еуразия Тудейдің сириялық дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Дональд Трамп Сирия басшысы Ахмед аш-Шараамен мамыр айының ортасында кездеседі.
Кездесуді Сауд Арабиясының Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман арағайын ретінде ұйымдастырып отыр.
Дональд Трамптың Сауд Арабиясына сапары оның екінші президенттік мерзіміндегі алғашқы шетелдік сапары болмақ.
Axios дереккөзінің мәліметінше, бұл сапар Парсы шығанағы елдерімен қарым-қатынасты нығайту және Таяу Шығыстағы қақтығыстарды шешу мәселелерін талқылау үшін ұйымдастырылуда.
Дональд Трамп президенттік қызметіне кіріскеннен кейін Ахмед аш-Шараа Америка Президентінің Таяу Шығыста бейбітшілік орнатып, аймақтағы тұрақтылықты қалпына келтіре алатынына сенім білдірген болатын.

















