Трамп екі мұсылман заң шығарушыны Америка Құрама Штаттарынан депортациялауға шақырды.
АҚШ президенті Дональд Трамп екі мұсылман заң шығарушыны олармен дауласқаннан кейін бір күн өткен соң Америка Құрама Штаттарынан депортациялауға шақырды.
Truth Social әлеуметтік желісіндегі хабарламасында Трамп АҚШ Өкілдер палатасының демократиялық мүшелері Рашида Тлайб пен Илхан Омарды «есі ауысқан, психикалық ауытқушылығы бар, көздері іскен, қанталаған, шынын айтқанда, ауруханаға жатқызылуы керек науқастар сияқты» деп жазды.
Трамп жалғасында: «Біз оларды мүмкіндігінше тезірек келген жерлеріне қайтаруымыз керек».
Айта кетейік, Миннесота өкілі Илхан Омардың тегі — сомалилік, ал Мичиганның өкілі Рашида Тлайб палестиналық.












