Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Түрікменстан Елшілігінің ғимаратында тамыздың 13 күні «Түркіменстан мен Сейшел Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттамаға» қол қою рәсімі өтті.
Еуразия Тудейдің Тәжікстан СІМ-не сілтеме жасап хабарлауы бойынша салтанатты шара аясында Түркіменстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сердармаммет Караджаев пен Сейшель аралдарының БАӘ-дегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Гервайс Муму келіссөз өткізді.
Тараптар саяси және дипломатиялық байланысты кеңейту, сондай-ақ, екі ел арасындағы экономика және сауда саласындағы ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін талқылады. Сонымен қатар елшілер Түркіменстан мен Сейшель аралдары арасында мәдениет, ғылым және білім салаларында өзара іс-қимыл орнату мәселелерін талқылады.
















