Түркіменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередов Палестинаның Түркіменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хоссеин Али Мостафа Ғаннаммен кездесті.
Еуразия Тудейдің Түркіменстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, кездесу барысында екі ел арасындағы саяси, дипломатиялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Тараптар екіжақты форматта да, халықаралық ұйымдар аясында да өзара іс-қимыл принциптерін белгіледі.
Түркіменстан Сыртқы істер министрі кездесу соңында Палестина Елшісіне екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, алдағы қызметіне табыс тіледі.
Өз кезегінде Елші Түркіменстандағы дипломатиялық миссиясын жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетіп, көмектескені үшін түрікмен тарапына алғыс білдірді.
Палестинаның Түркіменстандағы Елшісі Хоссеин Али Мостафа Ғаннам дипломатиялық миссиясын аяқтады.



















