Түркия Газа секторына ең көп көмек көрсеткен ел ретінде көшбасшылықты сақтап келеді.
Еуразия Тудейдің Anadolu агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Түркияның Килис қаласынан Газа секторының тұрғындары үшін 80 гуманитарлық жүк көлігі жолға шықты.
IHH гуманитарлық ұйымының өкілі Якуп Аладжаның айтуы бойынша, жүк көлігіне қоршаудағы сектор тұрғындары үшін азық-түлік пен қажет заттар тиелген. Жүк көліктерін жөнелту рәсімінде сөйлеген сөзінде Якуп Аладжа: «Израиль Газа секторына шабуылдарын 2023 жылдың қазан айының 7 бері жалғастырып келеді. Шабуыл салдарынан Газаның 40 мың тұрғыны қаза тапты. Қазіргі уақытта 2,3 миллион адам аштықтан зардап шегуде. Бүгін біз Мерсин портына гуманитарлық көмек тиелген 80 жүк көлігін жібереміз», — деді.
Түркия Газа секторындағы қақтығыс күшейгелі бейбіт халықты белсенді қолдап келеді. Түркия сәуір айында Газаға жалпы көлемі 45 мың тоннадан астам көмек жіберді.



















