Түркия Иран билігі туындаған дағдарысты диалог пен дипломатия арқылы шешеді деп үміттенеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған өзінің төрағалығымен өткен Министрлер кабинеті отырысынан кейін мәлімдеді.
Режеп Тайып Ердоған: “Көршілес Иран мемлекеті жаңа сын-қатерге тап болды. Түркия өзінің қағидаттық ұстанымын ұстануды жалғастырады. Біздің ойымызша, Иранның мәселелері келіссөздер үстелінде шешілуі тиіс. Біз барлық мүдделі тараптарды дипломатияға шақырамыз. Біз аймақты хаосқа итермелеуі мүмкін кез келген әрекеттерге алдағы уақытта да қарсы тұрамыз”, – деді.
Айта кетейік, мұның алдында Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Ыстанбұлда БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында Тегеранның ішкі мәселелерін өзі шешуі қажет екенін айтып: “Біз Иранға қарсы қол сұғушылық әрекеттерге қарсымыз. Иран өз ішкі мәселелерін өзі шешуі тиіс. Сондықтан күш қолдануға алып келуі мүмкін кез келген жағдайдың толық алдын алу біздің басты басымдығымыз. Біз мәселелердің диалог арқылы шешілуін шын мәнінде қалаймыз. Менің ойымша, Ирандағы ауқымды тұрақсыздық аймақ үшін аса ауыр салдарға әкеледі”,-деді.
















