Түркия Иран мен АҚШ арасындағы жанама келіссөздер үдерісін қолдайтынын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты қарым-қатынастағы соңғы өзгерістерді, аймақтық мәселелерді және АҚШ-мен Масқаттағы жанама келіссөздер үдерісін талқылады.
Иран СІМ басшысы Арақчи Түркияның осы келіссөздерге қатысты сындарлы ұстанымын жоғары бағалап, Түркия Сыртқы істер министрін Иранның осы мәселедегі принципті ұстанымынан хабардар етті.
Хакан Фидан келіссөздердің барысын құптап, Түркияның бұл мәселеде кез келген қолдау көрсетуге дайын екенін қуаттады.
Тараптар телефон арқылы әңгіме барысында Түркиядағы Иран азаматтарына қатысты кейбір консулдық мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Түркия Сыртқы істер министрі бұл мәселені қадағалайтынын баса айтты.


















