Түркия мен Иранның бірлескен «32 метр» деректі фильмі 2026 жылғы Азия-Тынық мұхиты кинофестивалінің (APSA) «Үздік деректі фильм» номинациясына ұсынылды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Халықаралық кинопродюсерлер қауымдастықтары федерациясы (FIAPF) мойындаған және 78 ел мен өңірді қамтитын APSA сыйлығының 20-шы марапаттау рәсімі 30 қазанда Аустралияның Голд-Кост қаласында өтеді.
«32 метр» картинасының премьерасы 2025 жылы Амстердамдағы халықаралық деректі фильмдер фестивалінде (IDFA) өтіп, көрермендердің дауыс беруі нәтижесінде үздік ондыққа енді.
Сонымен қатар, аталмыш фильм 2026 жылы Hot Docs фестивалінде көрермендер таңдауы бойынша үздік бестіктен орын алып, Порденонедегі байқауда көрермен көзайымы жүлдесін жеңіп алды.
Түркиядағы премьерасы 45-ші Ыстамбұл кинофестивалінің «Жаңа көкжиектер» секциясында үздік дебюттік фильм үшін берілетін Сейфи Тёман атындағы сыйлық пен «Үздік монтаж жүлдесі» сынды екі маңызды марапатқа бірдей қол жеткізді.
Деректі туындыда әйелдердің күнделікті өмірдегі әлеуметтік шектеулерге қарсы күресі баяндалады. Оқиға желісі Анадолы ауылдарының бірінде тұратын Халиме, Гёнюл және олардың құрбыларының басынан өткен оқиғаларға негізделген. Олар дәстүрлі қоғамдық нормаларға қарсы тұрып, өзара қолдау мен ынтымақтастықтың жарқын үлгісін көрсетеді.
Туындының режиссері – Мортеза Атабаки. Жобаның продюсерлері – Мурат Онеш пен Мортеза Атабаки, операторлары – Мортеза Атабаки мен Зейнеп Сечил, дыбыс режиссері – Хюсейн Джан Эрол.
















