Түркия СІМ Хакан Фидан ирандықтардың соғысты қаламайтынын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Францияның France 24 телеарнасына берген сұхбатында Иран мен Израиль арасындағы қақтығыс мүмкіндігі туралы сұраққа: «Қақтығыс ықтималы бар. Мен білетін жалғыз нәрсе — ирандықтар мұндай соғысты, үлкен қақтығысты қаламайды. Біз ирандық достарымызбен кездесіп тұрамыз. Мен бұл ақпаратты тікелей солардан аламын», — деді.
Телекомпанияның: «Израиль мен Иран арасындағы соғыс ықтималдығына алаңдайсыз ба?» деген сұрағына Фидан: «Өте» деп жауап берді.
Айта кетейік, Иран СІМ Сейед Аббас Арақчи мен Түркия СІМ Хакан Фидан Даму үстіндегі сегіз ислам елі ұйымы (D-8) Сыртқы істер министрлерінің отырысы аясында Мысыр астанасы Каирде желтоқсанның он тоғызы күні кездесті.












