Үндістан Ауғанстанға қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрмектің 18 түрін гуманитарлық көмек ретінде берді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Ауғанстан Денсаулық сақтау министрлігі бүгін, дүйсенбі, 29 қаңтарда Үндістан үкіметінің осы елге қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрмектің 18 түрін гуманитарлық көмек ретінде бергенін хабарлады.
Ауғанстан Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Шарафат Заманның айтуынша, бұл көмек жалпы салмағы 7 589 килограмм болатын 776 қораптан тұрады.
Ауғанстандағы Талибан өкілдерінің мәлімдеуінше, көмек қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды қолдау және медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ұсынылған.
Еске салайық, Талибанның Денсаулық сақтау министрі Нұржалал Жалали Үндістанға жасаған сапарында Делидің бұл топқа құны 5 миллион доллар болатын вакцина көмегін беретінін айтқан болатын.
Сондай-ақ, Үндістан Талибанға құны 500 мың доллар тұратын аурухана салып беруге уәде берді.
Мұның алдында Нью-Дели Талибанға қатерлі ісік ауруларын анықтауға арналған құны 3 миллион долларлық радиотерапия құрылғысын да көмек ретінде ұсынды.
















