Үндістан армиясы Пәкістан мен осы елдің бақылауындағы Кашмирде әскери операция бастағанын хабарлады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Үндістанның PIB бюросы мәлімдеме жасады.
Мәлімдемеде Үндістан армиясының Пәкістан мен Исламабадтың бақылауындағы Кашмир аймағында әскери операция басталғаны айтылған.
Үндістан тарапының айтуынша, бұл Пахалгам қаласында болған шабуылдарға жауап ретінде жасалған қарымта қадам.
Үндістан Қорғаныс министрі Раджнатх Сингх X әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасында Пәкістан әскерінің шекараға жақын Кашмир штатындағы Бхимбер Гали аймағында артиллериялық атыс бастағанын хабарлады.
Үндістан тарапы “Пәкістан атысты тоқтату туралы келісімді бұзды” деп айыптап, қарымта жауап берілетінін мәлімдеді.
NDTV телеарнасының хабарлауынша, Пәкістанға жасалған шабуылдарда Францияның Hammer әуе бомбалары мен Scalp қанатты зымырандары қолданылған.
Айта кетейік, Үндістан мен Пәкістан арасындағы жағдай 22 сәуір, сейсенбі күні болған оқиғадан кейін ушықты.
22 сәуірде Үндістанның Джамму және Кашмир штатындағы Пахалгам қаласында лаңкестік шабуыл орын алды. Бірнеше қарулы адам туристерге оқ жаудырып, салдарынан 25 үндістандық пен бір Непал азаматы қаза тапты.


















