Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары Садыр Жапаров, Эмомали Рахмон және Шавкат Мирзиеев Лев Толстой атындағы екінші халықаралық бейбітшілік сыйлығының лауреаттары атанды.
Еуразия Тудейдің ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, салтанатты шара Мәскеу қаласында көрнекті жазушы әрі философ Толстойдың туған күні өтті.
Жеңімпаздарды таныстырған қазылар алқасының төрағасы, Мариин театрының Бас директоры Валерий Гергиев: “Қазылар алқасының шешімімен Лев Толстой атындағы халықаралық бейбітшілік сыйлығы Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеевке берілді. Шешім бірауыздан қабылданды”, — деді.
Аталмыш марапат үш елдің басшысына “Орталық Азия аймағында бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға қосқан зор жеке үлесі үшін” берілді.
Айта кетейік, 2025 жылғы 31 наурызда Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеев Тәжікстанда мемлекеттік шекаралардың түйісу нүктесі туралы шартқа қол қойды.



















