Иран Сыртқы істер министрлігі Израильдің “Ұлы Израиль” идеясы аймақ пен бүкіл әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіретінін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрлігі сионистік режимнің Газа тұрғындарын көшіру туралы шешімін қатаң айыптап, режимнің жантүршігерлік әскери қылмысына қарсы тұру үшін халықаралық қауымдастық пен ислам елдерінің жауапкершілігін баса айтты.
Иран Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде: “Израильдің екі жылға жуық уақыт бойы ең қарқынды бомбалауына ұшырап, соңғы бес айда басқыншы режимнің әрекетінен туындаған ашаршылықтан зардап шеккен палестиналықтарды Газа қаласынан мәжбүрлеп көшіру туралы шешімі адамзатқа қарсы және әскери қылмыстың жарқын мысалы болып табылады. Оның жалғыз мақсаты — геноцид жоспарын жүзеге асырып, Палестинаны ұлт ретінде жою.
Сионистік режимнің палестиналықтарды күштеп көшіру қылмысы, сондай-ақ Израиль премьер-министрінің ислам-араб жерлерінің едәуір бөлігін қамтитын “Ұлы Израиль” атты аса қауіпті идеясы сионистік режимнің гегемондық сипаты мен режимнің аймақ пен әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіретінін көрсетеді.
Иран Ислам Республикасы Израильдің палестиналықтарды Газа қаласынан көшіруі сионистік режимнің кісі өлтіру мен жаңа қылмыстарын күшейту жоспарының сылтауы екенін ескертіп, халықаралық қауымдастықты, әсіресе ислам елдерін дереу әрекет етуге шақырады.
Сионистік режимнің шектен тыс қатыгездігі мен зорлық-зомбылығына деген немқұрайлық пен әрекетсіздік бұл режимді одан сайын ашкөз етуде”, -деп жазылған.


















