Ұлыбритания билігі Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан экономикалық дағдарыстың күшеюі мүмкін екенін ескертті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Біріккен Корольдік билігі АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы басқыншылығының экономикалық зардаптары әлі де бірнеше ай бойы әсер етеді деп қауіптенеді.
Ұлыбритания Қаржы министрлігінің бас хатшысы Даррен Джонс жексенбі күні берген мәлімдемесінде, тіпті соғыс аяқталғаннан кейін де, қысқа мерзімді перспективада тапшылық байқалмағанымен, британдықтар электр энергиясы, азық-түлік және әуе билеттері бағасының өсуіне тап болуы мүмкін екенін ескертті.
Джонс әлемдік мұнай сұранысының бестен бір бөлігін қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы негізгі су жолы саналатын Ормұз бұғазы арқылы транзитке Иран тарапынан енгізілген шектеулер жаһандық жеткізу тізбегіне айтарлықтай әсер еткенін атап айтты. Оның айтуынша, бұл жағдай Ұлыбритания халқы үшін энергия ресурстары мен шикізат тауарлары бағасының қымбаттауына алып келді.
Министр бұл дағдарыстың АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы басқыншылығының тікелей салдары екенін баса айтты.
Даррен Джонстың айтуынша, экономикалық шешімдердің кері әсері жүйеде сегіз айлық іркіліспен көрініс табады. Сондықтан, Таяу Шығыстағы саяси тұрақсыздық жақын арада британдықтардың күнделікті тұтыну шығындарының күрт өсуіне әкеп соғады.
ВВС мәліметінше, Ұлыбритания билігі қақтығыс шиеленісе түскен жағдайда туындауы ықтимал азық-түлік тапшылығына дайындық жүргізуде.



















