Ұлыбритания Украина аумағына қарулы контингентін жіберуге дайын.
Еуразия Тудейдің Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша бұл туралы Ұлыбритания Премьер-министрі Кейр Стармер мәлімдеді.
Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармер: «Ұлыбритания қажет жағдайда басқалармен бірге (Украинаның) көгіне құрлық әскерлері мен ұшақтарын жіберуде жетекші рөл атқарады», — деді.
Стармер Украинаға әскер жіберуге дайын екені туралы сөзін кеше, дүйсенбі, наурыздың 3-і күні кешке Парламентте сөйлеген сөзінде еуропалық көшбасшылардың Украинаға әскери көмек көрсету жөніндегі кездесуінен кейін мәлімдеді.
Стармер сонымен қатар бейбітшілік орнатылғаннан кейін Еуропа Украинаны қаруландыруды жалғастыратынын айтып: “Ұлыбритания Америкамен да өзінің серіктестігі мен байланысын нығайтуы керек”, — деді.
Ол сонымен қатар Ұлыбритания Атлас мұхитының екі жағындағы тараптардың ешбіреуін таңдамайтынын мәлімдеді.
Айта кетейік, АҚШ Президенті Дональд Трампен болған дау-дамайдан кейін Украина Президенті Зеленский Лондонда Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер ұйымдастырған еуропалық көшбасшылар саммитіне қатысты.
Кейр Стармер Лондонда Украина президенті Владимир Зеленскийді қарсы алғанда «оны бүкіл Ұлыбританияда толық қолдайтынын» айтты.












