Иркутск қаласында 4-5 наурызда “Валдай” пікірталас клубының V Орталық Азия конференциясы өтеді.
Еуразия Тудейдің ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, V Орталық Азия конференциясы “Ресей мен Орталық Азия: көпполярлы әлемдегі ынтымақтастық” тақырыбында ұйымдастырылуда.
Биылғы жылғы конференцияға Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан сияқты 10 елден 50-ден астам сарапшы мен саяси қайраткер қатысады.
Конференцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты — әлемдік жүйедегі өзгерістер жағдайында Ресей мен Орталық Азия елдерінің сарапшылар қауымдастығы арасындағы зияткерлік пікірталастарды кеңейту.
Валдай клубы: “Ортақ тарих, тілдік және мәдени мұра, географиялық және геосаяси кеңістік Ресей мен Орталық Азия елдерін қауіпсіздік, экономикалық даму және әлеуметтік-гуманитарлық байланыстар саласында серіктес етеді. Бүгінгі таңда дамыған елдердің біржақты шектеу шаралары мен әлемдік саудадан шеттету арқылы ойын ережелерін енгізуге ұмтылуынан туындаған жаһанданудың келеңсіз жақтары да оларды біріктіреді”, — деді.
Конференция барысында аймақтағы көлік байланысы мәселесіне басты назар аударылады. Батыстың Ресейге және достас елдеріне қарсы жаңа санкция салуына ескерсек, қызығушылық артып келе жатқан сенімді транзиттік дәліздерді құру ерекше маңызға ие.
Орталық Азия конференциясына қатысушы сарапшылар өз елдерінен аймақтағы тұрақты көлік байланыстарын қалай қамтамасыз ету қажеттігі туралы көзқарастарын жеткізеді деп күтілуде.



















