Ұлыбританияның Лейборист партиясының бір топ депутаты алдыңғы сайлауда жеңіске жетіп, билікке жеткен кезден бері алғашқы ретТайвань аралына сапармен келді.
Ұлыбританияның Лейборист партиясының бес депутаттан тұратын бір тобы бүгін Қытайдың ашуын тудыратын арандатушылық бір әрекетте Тавань аралына келді. Ондағы мақсаты осы аралдың сепаратист басшыларымен кездесуді көздеді.
Guardian газетінің хабарлауынша, өздерін «Тайваньның достары» деп атаған британдық заң шығарушылар делегациясы Тайваньның жоғары лауазымды үкімет өкілдерімен, парламент депутаттарымен, кәсіподақ және компаниялардыі басшыларымен және басқа да белсенді топтармен кездеседі деп жоспарланған.
Қытай армиясы аралдың айналасында ауқымды әскери жаттығулар өткізгеннен кейін бірнеше апта өткен соң Тайваньның бұрынғы президенті Цай Инвэн мамыр айының ортасында Ұлыбританияға барды.
Бұл былтыр жазда өткен сайлауда жеңіске жеткен лейбористтердің Тайваньға бірінші сапары. Алдыңғы сапар 2024 жылдың наурыз айында Пекиннің өткір сынына ұшырады.
Лондондағы Қытай елшілігі бұл сапарды «бір Қытай» қағидатын бұзу және ішкі істерге араласу деп атап, Қытайдың мүдделеріне нұқсан келтіретіндердің салдары болатынын ескертті.
Делегация басшысы Мишра Тайваньның Британ парламентінде аралды қолдауға дайын достарының бар болуының маңыздылығын баса айтты.
Қытай мұның алдында Тайвань аралының маңында ауқымды әскери жаттығу өткізіп, арал басшыларын сепаратизм және аралды қақтығысқа сүйреп апару әрекетін айыптады.
Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігі бұл жаттығуларға алаңдаушылық білдіріп, олардың Тайвань бұғазында шиеленісті арттырып, шиеленіс қаупін тудыратынын айтты.
Қытай Тайваньның тәуелсіздігіне және аралға бақылау орнату үшін күш қолдану мүмкіндігіне қарсы екенін бірнеше рет мәлімдеді.












