Eurasiatoday
Вторник, 24 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Вашингтон Пәкістанда билікке әскерилердің келуін қалайды

  • Сарапшы пікірі, ТОП жаңалықтар
  • 3 декабря, 2025 13:48

Loading

Ауғанстандағы Иранның бұрынғы кеңесшісі Вашингтон қазіргі жағдайда Пәкістанда әскерилердің билікке келуін қалайтынын мәлімдеді.

Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Америка осындай жағдайда әскерилирдің құзырымен Иран төңірегіндегі кеңістік пен Ауғанстан ісін оңайырақ бақылап, басқарады.

Ауғанстандағы Иранның бұрынғы кеңесшісі Абдолмохаммад Таһери Пәкістанда «жұмсақ төңкеріс» ықтималының аспектілері мен дәлелдерін түсіндіруде былай деді: «Пәкістанда осы елдің кейбір әскери басшылары арасында «жұмсақ төңкеріс» болу мүмкіндігі туралы негізгі үш көзқарас бар. Бірінші көзқарас Пәкістанның 55 жылдағы өткеніне оралады. Бұл билік әрқашан әскерилердің қолында болған, іс жүзінде азаматтық ешбір күш оларды құлата алмаған кезең. Ол кезеңдерде Пәкістан әскері әрдайым негізгі анықтаушы күш болды.

Тақырыпқа орай:

Ормұз бұғазында ереже бұзған үш мұнай танкері жарылды

Ормұз бұғазында ереже бұзған үш мұнай танкері жарылды

24.11.2026

Шын мәнінде, ISI де, Пәкістан армиясы да үкіметте әскери билік жүргізгісі келді. Бұл үлгі жылдар бойы қайталануда.

Екінші көзқарас Пәкістан мен Мысырдағы оқиғалар арасындағы айтарлықтай ұқсастықты баса көрсетеді.

Мұны Мысырдағы «Мұсылман бауырлар» қозғалысы алғаш рет билікке келуге тырысқан кездегі оқиғалардың тарихи мысалы ретінде айтуға болады. Кейінгі оқиғалар бұл үдерістің тұрақтылыққа жеткізбегенін көрсетті».

Ол сөзінің жалғастырып: «Соңында айқын бірақ «жұмсақ төңкерісте» Мысырдың қазіргі преиденті Абдулфаттах ас-Сиси әскери формасын тастап, үстіне костюм-шалбар киіп, президенттіке жетті. Бүгін де Пәкістанда осыған ұқсас белгілер көрінуде, яғни не сәлафилік исламшылдар немесе әскерилер билік басында болғанымен, азаматтық қоғам өте жұмсақтық әрі шектеулі түрде өздерін көрсете алды. Тіпті, Беназир Бхуттоның отбасы сияқты азаматтық тұлғалар да билікке жеткен жағдайлар ұшырасты. Алайда олардың саяси ғұмырлары өте қысқа болды. Осы отбасының көрнекті мүшелерінің дені қастандықпен өлтіріліп, немесе орындарынан алынды. Тек Беназир Бхуттоның әпкесі ғана тірі қалды. Ол қазір мосқал жаста. Бірақ бүгінде екі көзқарастан да мықтырақ көрінетін үшінші көзқарас АҚШ-ның рөлін қуаттайды. Вашингтон қазіргі жағдайда Пәкістанда әскерилердің билік басына келуін қалайды.

Себебі, АҚШ үшін Иран төңірегіндегі кеңістікпен өзара әрекеттесу және бақылау, сондай-ақ, Ауғанстандағы істерді әскери қызметкерлердің құзырымен басқару оңайырақ» деді.

Саяси мәселелер жөніндегі ирандық сарапшы: «Бұл талдау бірнеше шындыққа сүйенеді. Пәкістаннның айтарлықтай халқы, мықты әскері мен Вашингтон үшін стратегиялық маңызға ие  геосаяси орыны бар екенін есте сақтау керек. Сол себепті, егер соңғы кездердегі «жұмсақ төңкеріс» жайлы хабарлар рас болса, Американың оған қатысы жоқтығы екіталай. Өйткені Пәкістан тарихында Американың ықпалы болмаған маңызды оқиға кемде кем.

Осы көзқарас бойынша Американың қазіргі үкіметі мен Дональд Трамптың жеке өзі Исламабадтағы әскери күшпен ерекше ынтымақтастық жасағысы келеді.

Арада көп жылдан кейін Вашингтон мен Каирдың байланысы тағы жақындай түсті. Сол себепті Пәкістанда әскерилердің билікке оралуын күтуге болады.

Егер үшінші көзқарасты қабылдасақ, Америка Ауғанстан мен Ирандағы және Азияның батысындағы өзінің аймақтық саясаттарын ілгерілету үшін Пәкістанның әскерилерімен жұмыс істеуді құп көреді. Себебі, бұл серіктестік Вашингтонның Ауғанстандағы Баграм базасы мен барлау саласындағы құзыры сияқты мәселелер бойынша мақсатына жету үшін тиімдірек.

Басқа жақтан, Пәкістандағы ішкі текетірес, соның ішінде Үндістанмен шекарадағы дағдарыс, Пәкістан талибандарымен және тағы басқа қарсылас топтармен күрес әскерилердің айқынырақ рөл атқаруы үшін әрдайым негіз дайындады. Тіпті, Наваз Шарифтің Америка сапарында да осы тақырыптармен байланысты болуы мүмкін кейбір мәселелер жабық есіктердің ішінде айтылды.

Осы келіссөздердің қазіргі дадарысты қаншалықты шеше алатыны Трамптың Пәкістанда билік құрылымын өзгертудегі ерік жігерімен байланысты. Пәкістандағы тарихи тәжірибе әскерилер билікке отырған кезде олардың жеңіске жетуінде Американың шешуші рөл атқарғанын көрсетті. Алайда маңызды сауал мынадай: «Егер бүгінде  «жұмсақ төңкеріс» деп айтылып жүрген  нәрсе шын мәнінде орын алып жатса, оның соңы не болмақ? Оның қысқа жауабы мынадай: Пәкістандағы кез келген үлкен оқиға айқын салдарлармен қатар жасырын салдарларға да ие. Тәжірибе Пәкістандағы жасырын салдарлардың өте жойқын, жылдам және кейбір жағдайларда бақылаудан тыс бола алатынын көрсетті» деді.

Субконтинентты мәселелердің сарапшысы сөзін жалғап: «Пәкістан қоғамы қатты сезімтал және толқуларға бейім. Оның айқын үлгісі Америкада Құранның бір парағын өртеу оқиғасынан көрінді. Оның салдары Аммерикаға наразылық білдіруден емес, Пәкістанның өзінде үкіметтік ғимараттарға өрт қоюдан көрінді. Осы мәдени ерекшелік кез келген үлкен өзгеріс, әсіресе қауіпсіздікке немесе төңкеріске қатысты болса, тек біртіндеп жүзеге асырылуға себеп болады.

Кері жағдайда жасырын салдарлар жобалаушылардың бақылауынан да  шығып кете алады. Егер соңғы оқиғалардың тасасында Америка тұр десек, бұл бағыттың Трамптың саясаттарымен үйлесетінін айту керек. Демократтар әдетте мұндай араласушылықтарға  аса құлық танытпайды. Біра Трамп өз мақсаттарына жету үшін аймақта әскери және авторитарлық одақтастар желісін құруға тырысуда.

Дегенмен Пәкістан  Мысырдан немесе Таяу шығыстағы басқа елдерге қарағанда анағұрлым шиеленісті ел. Пәкістан халқы сыртқы араласушылық немесе әскерилердің әшкере басқыншылығына қатаң қарсылық білдіреді. Наразылықтың  ұлттық дағдарысқа айналу мүмкіндігі бар. Мысырда халық айлар бойы әт-Тахрир алаңына шыққанда әскер наразылық акцияларына азғана қысыммен жауап берді. Мұндай үлгі Пәкістанда мүмкін емес. Себебі әлеуметтік ашу ыза  кенеттен бүкіл елде тұтануы мүмкін.

Пәкістанда «жұмсақ төңкерістің» мағынасы күрделі жобалаушыны, бірнеше кезеңді цикл мен баяу қозғалыс дегенді білдіреді.

Бұл қадам әскерді әлеуметтік қарсылыққа ұшыратпайды, негізгі ойыншыларды  салдарды басқару мүмкіндігінен айырмайды.

Осындай жағдайлар жиынтығына назар аударып, Пәкістандағы бірнеше айдағы оқиғаларды сараптаудағы ең мықты тұжырымның мынадай екендігіне сенемін: оқиғалардың тамыры Ақ үйден бастау алып, Трамптың аймақтағы стратегиясының бір бөлігі саналады.

Басқа белгілер де осы болжамды нығайта түседі. Соның ішінде Пәкістан Сыртқы істер министрінің Мысырға сапарында сөйлеген сөзінде Трампты әшкере түрде мадақтап, оны Нобель бейбітшілік сыйлығына лайық деуінен көрінді.

Мұндай сөздер Пәкістан саясаткерлерінің тасадағы өзгерістерге қатысты хабардарлықтарының белгісі және Вашингтонның назарын аударудағы талпынысы саналады.

Пәкістан басшыларының Америкаға мұндай көрінеу құрмет білдіруі бұрын соңды болмаған жағдай. Бұл олардың Америкамен байланыста жаңа, билік құрылымында әскерилердің рөлінің артуымен бірге болатын кезеңге әзірленіп жатқанын көрсетеді.

FacebookTwitterWhatsApp
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

Ормұз бұғазында ереже бұзған үш мұнай танкері жарылды

Ормұз бұғазында ереже бұзған үш мұнай танкері жарылды

24.11.2026
Иранда  27 лаңкес тұтқындалды

Иранда  27 лаңкес тұтқындалды

24.11.2026
Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

23.11.2026
Пәкістан Ауғанстаннан қарулы топтарға қарсы шара қолдануды талап етті

Пәкістан Ауғанстаннан қарулы топтарға қарсы шара қолдануды талап етті

23.11.2026
Армения «Трамп бағыты» жобасын іске асыру үшін америкалық компаниялардың болуына жол бермейді.

Армения «Трамп бағыты» жобасын іске асыру үшін америкалық компаниялардың болуына жол бермейді.

23.11.2026
Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

23.11.2026
Ұлттық дәстүрлерді сақтау мен мәдени ерекшелікке құрмет — өзара түсіністіктің негізі

Ұлттық дәстүрлерді сақтау мен мәдени ерекшелікке құрмет — өзара түсіністіктің негізі

23.11.2026
Ташкенттің Иранға қатысты ұстанымы және Мирзиёеваның АҚШ кемесіне сапары

Ташкенттің Иранға қатысты ұстанымы және Мирзиёеваның АҚШ кемесіне сапары

23.11.2026

Басты жаңалықтар

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

23.11.2026
Пәкістан Ауғанстаннан қарулы топтарға қарсы шара қолдануды талап етті

Пәкістан Ауғанстаннан қарулы топтарға қарсы шара қолдануды талап етті

23.11.2026
Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

23.11.2026
Америкалық сенатор: Иранмен соғысқа ондаған миллиард доллар босқа жұмсалды

Америкалық сенатор: Иранмен соғысқа ондаған миллиард доллар босқа жұмсалды

23.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

21.11.2026
Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

21.11.2026
Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

20.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Иран мен Малайзия ғылым саласында ынтымақтастықты дамытады

Иран мен Малайзия ғылым саласында ынтымақтастықты дамытады

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.