АҚШ пен Израиль арсеналдарында оқ-дәрісі мен зымырандары таусылғанша Ирандағы операцияны аяқтауға асығуда.
АҚШ пен Израиль Иранның әскери қуатын әлсірету үшін операцияны жеделдетуге тырысуда. Иранға қарсы әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне жұмсалатын оқ-дәрінің тым көп шығындалуы Вашингтонның арсеналдарын бос қалдыруы мүмкін.
АҚШ Қарулы Күштерінің жоғары шенді офицері, генерал Ден Кейн: “Соғыс басталғаннан бері Америка Құрама Штаттары «АҚШ әскеріне, серіктестерімізге және аймақтық тұрақтылыққа бағытталған жүздеген баллистикалық зымыранның көзін жойды», — деп мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл тосқауылдар сәтті жүзеге асуда, бірақ оларға тапшы болып отырған қымбат әрі жоғары технологиялы зымыран-ұстағыштар жұмсалуда.
Вашингтондағы Стимсон орталығының аға ғылыми қызметкері Келли Грико: «АҚШ пен оның серіктестеріндегі зымыран-ұстағыштар Иранның зымырандары таусылғанша бітіп қалу қаупі бар», — дейді
Қақтығыс басында Израиль Иранда шамамен 2500 баллистикалық зымыран бар деп бағалаған. Бұл Израиль мен АҚШ-тың зымыран-ұстағыштарының жалпы санынан көп болуы әбден мүмкін.
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, АҚШ ӘШҚ жүйесінің тиімділігі алғашқы күндері өте жоғары 90 пайызға дейін болған. Бірақ қаржылық тұрғыдан бұл АҚШ пен одақтастар үшін тиімсіз. Құны 20 мың доллар тұратын «Шахед» дронын атып түсіру үшін олар құны 4 миллион долларға дейін жететін зымырандарды шығындайды.
The Wall Street Journal басылымының жазуынша, әскери іс-қимылдарды жоспарлау кезінде АҚШ әскерилері оқ-дәрінің таусылу қаупі туралы ескерткен.
Сол себепті қазір АҚШ пен Израиль Иранға қарсы операцияны барынша жылдамдатуда. Соққылардың негізгі мақсаты Тегеранның зымыран және дрон ұшыру пункттерін жоюға бағытталған.
АҚШ басшылары, соның ішінде Дональд Трамп, соғыстың бірнеше аптаға созылатынын айтқан болатын. Трамп: «Біз басында 4-5 апта деп болжадық, бірақ одан да ұзаққа бару мүмкіндігіміз бар» деді.
Пентагон басшысы Пит Хегсет: «Төрт апта, екі апта немесе алты апта — мерзім өзгеруі мүмкін» деді.
Дереккөзі: Корреспондент.net
















