Сербия Президенті Александр Вучич Еуропа елдерінің Ресеймен ықтималды әскери қақтығысқа дайындалып жатқанын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Сербия Президенті Александр Вучич бұл туралы Pink TV телеарнасының эфирінде Франция Қарулы күштері Бас штабының бастығы Фабьен Мандонның “Франция армиясы үш-төрт жылдан кейін Ресеймен қақтығысқа дайын болуы тиіс” деген мәлімдемесіне сілтеме жасап: “Мен фактілерді талдай отырып, Еуропа мен Ресей арасындағы соғыс барған сайын айқын бола бастады деген қорытындыға келдім. Бұл бос әңгіме емес. Барлығы соған дайындалып жатыр” – деді.
Президент Вучич сондай-ақ, Сербияның Батыс елдері мен Ресей мүдделерінің ортасында қалғанын айтты.
Александр Вучичтің айтуы бойынша, Белград елдің қорғаныс қабілетін күшейтуді жалғастыруы тиіс.
Президент: “Біз ақылмен қаруланып, елімізді қорғау үшін қомақты қаржы салуды арттыруымыз керек” – деді.


















