Қырғызстанда ата-анасын қарттар үйіне тапсыратындарды жазалау ұсынылды.
Қырғызстанның Жогорку Кенешінің комитеті кәрі әке-шешесін асыраудан бас тартқан балаларға жазаны қатаңдату жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Ұсынылған ереже бойынша қарттар үйіне қариялар түскен бойда іс сотқа жіберіледі.
Жогорку Кенеш депутаты Тазабек Икрамов еңбекке қабілетті балалардың қарт ата-аналар үшін жауапкершілігін күшейтуді ұсынып отыр.
Депутат Қылмыстық және отбасылық кодекстерге және «Мемлекеттік қызмет және муниципалдық қызмет туралы» заңға өзгерістер енгізуді ұсынған.
Қырғызстанда ата-анасына қамқор болудан (алимент төлеуден) бас тартқан балаларға айыппұл салу немесе 1-2 жылға бас бостандығынан айыру ұсынылып отыр.



















