14-ші үкіметтің өтпелі кезеңінің Басқарушы кеңесінің төрағасы Мохаммад Джавад Зариф «Үкімет мүшелерін тағайындау процесі енді ғана басталды» деп мәлімдеп, халықтан бұл мәселеге қатысты өсек-аяң мен қауесеттерге мән бермеуді сұрады.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша, Иран Үкіметінің 14-ші өтпелі кезеңінің басқарушы кеңесінің басшысы Мохаммад Джавад Зариф X әлеуметтік желісіндегі аккаунтында отандық БАҚ-ның біріне берген сұхбатын қайта жариялап, халыққа сөзін арнап: «Үкімет мүшелерін тағайындау туралы өсек-аяң мен қауесеттерге мән бермеулеріңізді сұраймыз. Үдеріс енді ғана басталды» деп жазды.
Зариф өз сұхбатында «Хатами (бұрынғы президент. Ред.) сияқты тұлғалар бұл үдеріске қысым көрсетті» деген қауесеттерді үзілді-кесілді жоққа шығаратынын және бұл қауесеттердің ол кісінің жоғары ахлағына сәйкес келмейтінін баса айтты.
Зариф 14-ші Үкіметтің Министрлер кабинетінің мүшелерін тағайындау үдерісіне қатысты кейбір болжамдарға қатысты былай деді: «Әзірге ешқандай лауазымға, оның ішінде бірінші орынбасардың кандидатурасы тіпті қаралған да жоқ. Қарау процесі үкіметтік емес ұйымдар, ғылыми бірлестіктер, сауда бірлестіктері және жеке сектордың ұсыныстарын алғаннан кейін басталады».
Ол сөзінің жалғасында: «Хат кеше жіберілді. Ертең жұмыстың әдісін анықтау үшін комитеттердің басшылары менімен жиналыс өткізеді. Ал келесі аптада комитет мүшелері 14-ші үкіметтің басымдықтарын доктор Пезешкиан мырзаның өз аузынан есту үшін онымен кездеседі. Үміткерлерді қарастыру үдерісі толығымен ашық түрде содан кейін ғана басталып, Алла қаласа, тир айының соңына дейін нәтижеге жетеді», — деді.
14-ші үкіметтің өтпелі кезеңінің Басқарушы кеңесінің төрағасы сондай-ақ: «Мен барлық ақпарат құралдары мен кандидаттардан, олардың достары мен жақтастарынан еш негізсіз ғана емес, керісінше халықтың үдеріске қатысты сеніміне нұқсан келтіретін өсек-аяңдарды қоздыруды және есімдерді атаудан бой тартуды, елдің құрметті азаматтарынан бұл жаңалықтарға мүлдем мән бермеуді сұраймын», — деді.
ّАйта кетейік, Иранның бұрынғы Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф жаңа сайланған ел Президенті Масуд Пезешкианның Жарлығымен 14-ші үкіметтің өтпелі кезеңінің басқарушы кеңесінің басшысы болып тағайындалды.
















