Өзбекстан Республикасының СІМ Тайвань айналасындағы жағдай туралы мәлімдеме жариялап, Өзбекстан Тайваньда өткен сайлауға байланысты жағдайды жіті бақылап отырғанын мәлімдеді.
Өзбекстан СІМ-нiң мәлімдемесінде: «Біз «бір Қытай» қағидасын табанды түрде қолдайтынымызды және Қытай Халық Республикасының үкіметі Қытайдың жалғыз заңды үкіметі екенін және Тайвань Қытай территориясының ажырамас бөлігі екенін тағы да қайталаймыз.
Өзбекстан Республикасы екі жағалау арасындағы қарым-қатынасты бейбіт жолмен дамытуды табанды түрде жақтайды және ҚХР үкіметінің Қытайды біріктіру жолындағы барлық күш-жігерін қолдайды» деп жазылған.
Айта кетейік, 2024 жылдың 13 қаңтарында Тайваньда президенттік сайлау мен парламенттік сайлау бір мезгілде өтті.
Сайлауға Тайвань партияларынан үш үміткер қатысып, шамамен 41 пайыз дауыс алған Тайваньның қазіргі вице-президенті, Демократиялық прогрессивті партия үміткері Лай Циндэ жеңіске жетті.












