Өзбекстан мен Лихтенштейн 5 наурызда Нью-Йоркте дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы Бірлескен коммюникеге қол қойылды. Бұл туралы Dunyo агенттігі хабарлады.
Құжатқа Өзбекстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Улугбек Лапасов пен Лихтенштейн Князьдігінің БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Кристиан Венавайзер қол қойды.
Тараптар халықаралық ұйымдар, соның ішінде БҰҰ және оның мамандандырылған мекемелері аясында бірлескен өзара іс-қимылды нығайтуға өзара дайын екендіктерін білдірді.
Саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың өзара тиімді бағыттарын табу үшін екіжақты байланыстарды жандандыру туралы келісімге қол жеткізілді.
Лихтенштейн Князьдігі Өзбекстанмен дипломатиялық қатынас орнатқан 146-шы ел болды.
Айта кетейік, Лихтенштейн — Еуропа континентіндегі шағын князьдік. Шығысында Австриямен, батысында Швейцариямен шектеседі. Аумағы небәрі 160 км², халқы неміс тілінде сөйлейді. Елдің астанасы — Вадуз қаласы. 2023 жылғы санақ бойынша халқының саны 38 мыңнан сәл асады.
Өзбекстан мен Лихтенштейн өздері де теңізге шыға алмайтын екі мемлекет болуымен қатар теңізге шыға алмайтын мемлекеттермен шектеседі.













