Америка Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі H.E. Дональд Лу бастаған америкалық делегация Өзбектанға келді.
Бұл туралы ӨР СІМ басшысы Бахтиер Саидов Телеграмдағы каналында жазды.
Осы мәліметке сәйкес, тараптар бүгін, қарашаның 7 күні Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінде өткен Өзбекстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Стратегиялық әріптестік диалогының үшінші отырысы аясында ынтымақтастықтың кең күн тәртібін талқылап, әсіресе аймақтық экономикалық өркендеуге бағытталған басым бағыттарды белгіледі.



















