Құрлықтың бетінде ғана емес, су бетінде де рекордтық көрсеткіш орнататын көліктер бар. Солардың бірі Icon of the Seas круиздік кемесі сынақты сәтті аяқтады.
Лайнер Кариб теңізіндегі алғашқы круизіне 2024 жылы қаңтар айында жіберіледі.
Бұл сұйытылған газбен жүретін әлемдегі алғашқы кеме.
Лайнерде көптеген дүкендер мен джакузи, мейрамхана, аквапарк және тіпті сарқырамасы бар концерт залы орналасқан палуба бар.
Кеменің сыйымдылығы 250 800 тонна, ұзындығы 365 метр.
Кеме тарихтағы ең үлкен жолаушылар кемесі болмақ. Турдың құны бір адамға 2600 евродан басталады.
Оның салмағы алып кемелер арасында көш бастаған «Титаниктен» бес есе көп.
Айта кетсек, бүгінгі таңда дейін әлемдегі ең үлкен круиздік кеме Wonder of the Seas кемесі саналып келді. Оның ұзындығы 362 метр. Кеме 18 палубадан тұрады.















