Иран Президенті Ибраһим Раиси мен ирандық делегациясының Найробиге сапары барысында Иран мен Кенияның саяси және экономикалық делегациялары Иран мен Кения арасындағы ынтымақтастық құжаттарына екі ел Иран президенттерінің қатысуымен қол қойды.
Иран мен Кения түрлі салалардағы екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мақсатында балық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, техникалық және кәсіптік білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы бес ынтымақтастық құжатына қол қойды.
Сонымен қатар Иран Президенті Ибраһим Раиси мен Кения Президенті Уильям Руто бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді. Иран Президенті Иран мен Кенияның көптеген мүмкіндіктері бар екеніне тоқталып, екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынас көлемін қазіргі деңгейден 10 есеге арттыруды мақсат етіп отырғанын жеткізді.
Раиси бірлескен баспасөз мәслихатында Иран мен Кенияның әртүрлі салалардағы ынтымақтастықтарын кеңейтуді қуаттады.
Уильям Руто да баспасөз мәслихатында Иранның Кенияда көлік құрастыру зауытын құруы туралы келісімге келгендігін атап өтті.
Еске сала кетсек, бұған дейін Иран Ислам Республикасының Президенті Ибраһим Раисидің Кения, Уганда және Зимбабве президенттерінің ресми шақыруымен осы елдермен қарым-қатынастарды нығайту және ынтымақтастықтарды кеңейту мақсатында ресми сапармен баратыны хабарланған еді.



















