Тегеран тұрғындары Иранның марқұм Президенті Ибраһим Раиси мен Сыртқы істер министрі Хоссейн Амир Абдуллаһианды еске алу шеруін өткізді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Тегеран тұрғындары кеше, бейсенбі күні кешке Иранның марқұм Президенті Ибраһим Раиси мен Сыртқы істер министрі Хоссейн Амир Абдуллаһианның қаза тапқанына бір жыл толуына орай Имам Хусейн алаңына жиналды.
Айта кетейік, Ибраһим Раиси мінген тікұшақ 19 мамыр күні ауа райының қолайсыздығына байланысты апатқа ұшырады.
Тікұшақ ішінде Ибраһим Раисимен бірге осы елдің СІМ басшысы Хоссейн Амир Абдуллаһиан, Иран Шығыс Әзірбайжанының губернаторы Малек Рахмати, Табриз қаласының жұма намазының имамы аятолла Мохаммад Әли әл-Хашем, Президенттің қауіпсіздік бөлімшесінің қолбасшысы Сейед Маһди Мусави және тікұшақтың басқа да экипаж мүшелері болды.
Тікұшақ бортында болған сегіз адамның барлығы қаза тапты.
Ибраһим Раиси 2021 жылғы 3 тамыздан 2024 жылғы 19 мамырға дейін Иранның сегізінші Президенті болды.


















