Тегеран мен Найроби сауда көлемін 1 миллиард долларға жеткізуді жоспарлар отыр.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иранның Ауыл шаруашылығы министрі Ғоламреза Нури Гезелже Найробиде өткен Кения мен Иран арасындағы ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссияның жетінші отырысында сөйлеген сөзінде айтты.
Ғоламреза Нури Гезелже Кения Республикасының Шығыс Африкадағы стратегиялық маңызды географиялық орнын атап, бұл елдің экономикалық әлеуеті Тегеран мен Найроби арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға қолайлы жағдай жасайтынын баса айтты.
Иранның Ауыл шаруашылығы министрі Кенияны “Шығыс Африкаға апаратын қақпа” деп атап, екі елдің өнеркәсіп, ауылшаруашылық және логистикалық әлеуетін пайдалану арқылы екіжақты сауда көлемін бірнеше миллиард долларға дейін арттыруға болатынын айтты.
Министр Иранның сауда кедергілерін тез арада жоюға дайын екенін мәлімдеп, кениялық серіктестерін бизнесті жеңілдету үшін банк ісі мен бартерлік сауда мәселесін шешуге шақырды.
Қазіргі уақытта екі ел арасындағы тауар айналымы 300 миллион доллардан асады. Алайда, Иран мен Кения арасындағы кедергілер жойылса, сауда көлемі жақын арада 1 миллиард доллардан асады деп күтілуде.

















